Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды.
Қырғыз Республикасының Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан Президентін Халықаралық «Манас» әуежайында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ресми түрде күтіп алды. Әуежай алаңында қос мемлекеттің тулары көтеріліп, әнұрандары шырқалды. Келіссөз барысында мемлекет басшылары қызығушылық тудырған кейбір жайттарға байланысты өзара пікір алмасып, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуды көздейді.
Келіссөздер соңында қос ел басшысы бір қатар құжаттарға қол қояды.