Елордада жол жүру ережелерін сақтауды бақылау күшейтіледі

0
95
inform.kz (c)

Астанада 15 қыркүйектен бастап «Сергек» бейнебақылаулары жол ережесін бұзғандарды тіркей бастайды.

Астана қаласы әкімдігі медиа орталығының хабарлауынша, 2017 жылдың 15 қыркүйегі сағат 00.00-ден бастап елордада «Сергек» сертификацияланған құрылғысының көмегімен жол жүру ережелерін бұзып, фото және бейнебақылауға түсіп қалған ған жүргізушілерге қарсы әкімшілік іс қозғалатын болады. Естеріңізге салсақ, елордада 9 тамыз күні, «EXPO-2017» көрмесі басталмас бұрын, «Сергек» құрылғысы бұқараға кеңінен танытылған болатын.

Бастапқыда аталған жүйе жылдамдықты ұлғайту, қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүру, тоқтау сызығының қиылысына өту сынды жол ережелерін бұзған жайттарды тіркейді. Алдын ала хабарлағандай, 2017 жылдың соңына дейін елорда аумағында 13 мың фото-камера және видеобақылау құрылғылары бірыңғай жүйеге қосылатын болады. Оның ішінде 3 мың видеобақылау камерасы сауда ойын-сауық орталықтарында, театрларда, спорт ареналары мен мұражайларда орнатылған. Бүгінде Астанада 323 реттелген қиылыс бар, олардың 60-ы «Астана қаласының «Сергек» фото/бейне түсірілім аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану» жобасы аясындв фото және бейнебақылау құрылғыларымен жасақталған. Кешеннің сынақ уақыты кезеңінде жинақталған деректер қаралып, жол ережелерін бұзу фактілері бойынша сараптамалар жасалды. Кейбір көлік иелерінің тамыз айының өзінде 25 жол жүру ережесін бұзғаны анықталды.

Астана қаласы бойынша бейнебақылау және фотожазбалардың электронды картасы  www.citycams.kz. сайтында орналасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз