Головкин мен Альварестің жекпе-жегін АҚШ-та 400 кинотеатр көрсетеді

0
195

16 қыркүйек күні орта салмақтағы әлем чемпиондары отандасымыз Геннадий  Головкин мен Мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында болатын жекпе-жек Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) 400 кинотеатрында көрсетіледі.

Бұл хабарды таратқан Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы әрі «Канело»-ның промоутері Оскар Де Ла Хойя HBO PPV телеарнасы тарататын трансляция аталмыш кинотеатрларда тікелей эфирде берілетінін айтты. Головкин мен Канело арасында Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек Астана уақытымен таңертен сағат 09: 00-де басталады. T-Mobile аренасында өтетін кездесуге 20 мыңға жуық бокс сүйер көрермен билет сатып алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз