Астанада саммит кезінде қозғалыс шектеледі

0
65
наше місто (с)

Астанада Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымының алғашқы саммиті өтетіндіктен, бірнеше көшелерде қозғалыс уақытша шектеледі.

Астана қалалық Ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметі таратқан хабарда, қозғалыс саммит өтетін күндері, яғни 9-11 қыркүйек аралығында шектелетіні айтылды. Елорданың келесі көлік магистральдарында жол ішінара жабылады: Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік ел көшесі, Қонаев көшесі, Достық көшесі, Тұран даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Абай даңғылы, Кенесары көшесі, Тәуелсіздік даңғылы және Ұлы Дала көшесі.

«Жолдағы келеңсіз жайттарға ұрынбас үшін, қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру шарғыларын ертерек жоспарлап қоюларыңызды сұраймыз» деп ескертеді елордалық ІІД.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз