Қазақстан мен Ресей әуе рейстерінің жиілігін арттырады

0
52

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қозғалысы жиілігінің санын арттыру туралы келісім жасалды.

Росавиация баспасөз орталығының мәлімдеуінше, екі елдің азаматтық авиация қызметтерінің басшылары арасында жасалған келісімдерге сәйкес, 2018 жылдың жаз мезгілінен бастап Астана мен Алматы қалаларынан Санкт-Петербург (және кері) бағытында рейс саны аптасына 7-ден 10-ға дейін ұлғаяды, ал 2019 жылдың жаз мезгілінен бастап рейс көлемі аптасына 14 ретке дейін шығарылып, қосымша тасымалдаушы тағайындалады.

Бұдан өзге, Астана-Мәскеу-Астана бағытындағы рейс сандары 2018 жылдың жаз мезгілінен бастап аптасына 9-дан 12-ге дейін ұлғайтылады.

Жоғарыда аталған бағыттарға тікелей ұшуды екі елдің ұлттық тасымалдаушылары «Аэрофлот» пен «Air Astana» компаниялары қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, қол жеткізілген келісімдер бойынша, екі ел арасындағы өзге әуе желілерде рейс көлемін аптасына 7-ден 10-ға дейін ұлғайту жоспарда бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз