Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс айтылды

0
53

Қазақ күресінен өтетін «Alem Barysy» әлем чемпионатының қарсаңында «Қазақстан Барысы» даму қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шураев қазақ күресін жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларына енгізу керектігін айтты.

Қазақ күресі ұлттық спорт түрін дамыту ұлттық мәдениетпен де астасып жатыр, оны шет мемлекеттер біздің ұлттық спорт түрі ретінде тануы үшін де дамыту керектігін Шураев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында атап өтті. Бұдан өзге төраға қазақ күресі жапондардың сумо күресі сияқты танымалдыққа ие болғанын қалайтындығын жасырмады. Сонымен қатар аталған спорт түріне берілетін сыйақылардың да аз еместігін алға тартып, осы орайда «Әлем барысы», «Еуразия барысы» сынды турнирлар еліміздегі қазақ күресін дамытудың бірден бір үлгісі болатынын да атап өтті. Әрі «Рухани жаңғыру» бағдраламасы барысында ұлттық спорт түрлерін дамыту енді қолға алынып келе жатқанын айтқан төраға, он жылдан кейін қазақ күресі де жапондық сумо күресі сияқты танымалдыққа ие болатынына сенім білдірді.

Арман Шураев «Қазақстан барысы» қоры қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізуге бар күш салатынын айтып, гольф және хоккейге қарағанда қазақ күресі әлдеқайда қол жетімді спорт түрі екенін де атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз