25- Сәуір күні КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Владивостоктағы келіссөздерден кейін Ресей президенті Владимир Путинге корей қылышын сыйлады, деп хабарлайды ТАСС.
КХДР көшбасшысы бұл қылыш “күш – жігерді және сізді қолдайтын халқымды бейнелейді”деп атап өтті. Путин Ким Чен Ын сыйлық үшін алғысын білдіріп, оған қолын созды.
Сонымен қатар, Ресей басшысы Ресейде халық сенімі бойынша қару беру өте жақсы белгі емес деп санайтынын айтты. Сондықтан ол монетаны алып, оның қылышын символдық “сатып алу” үшін Ким Чен Ынға берді.