Тәжікстанда абақтыда болған бүлік үшін жауапкершілікті “ДАИШ”* алды

0
82
дереккөзден

“ДАИШ”* лаңкестік ұйымы 24 адам қаза тапқан Тәжікстандағы қатаң тәртіптегі Ходжан колониясында болған бүлік  үшін жауапкершілікті алды. 8 қарашада Тәжікстанның Соғды облысындағы әкімшілік орталықтың 16-шы шағын ауданында қатаң тәртіптегі колонияда бүлік шыққан еді.

Лаңкестерге тиесілі Amaq ақпарат агенттігі аталған колониядағы тәртіпсіздікті “ДАИШ-тың”* бір содыры ұйымдастырғанын хабарлаған.

Бейресми деректерге сәйкес, колониядағы бүлік салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапқан, он шақты жазасын өтеуші жарақат алған. Бұған дейін колонияның 6 күзетшісі Ходжан қалалық емханасына жеткізілгені мәлім болды.

Тәртіпсіздік барысында қаза тапқан 29 жастағы күзетші Эхсон Ёкубов Тәжікстандағы Пастигав мазарына жерленген. Колония қызметкерінің жаназасына қатысқандар тәртіпсіздік абақтыдан қашу үшін ең қауіпті қылмыскерлер ұйымдастырғанын айтады. 8 қарашада колонияда болған төтенше жағдайды тексеру үшін арнайы тергеу тобы құрылғаны хабарланды.

Атап өтерлігі, 8 қарашада Тәжікстандағы Ходжан қаласының 16-шы шағын ауданында орналасқан абақтыда бүлік шықты. Теміртордағы кикілжіңді қарулы күштер мен жергілікті полицейлер ауыздықтаған. Кей дереккөздер жазасын өтеушілердің бірі күзетшінің қолындағы қаруды тартып алып, бәрін шетінен ата бастаған деп хабарлайды.

Соғды облысы құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлаған Ахбор агенттігінің ақпарына сәйкес, 7-ші қарашаға қараған түні Тәжікстанның солтүстігіндегі Ходжан қаласындағы нөмірі үшінші түзету колониясында екі кезекші- бақылаушы жазасын өтеушілердің бірін тыр жалаңаш шешінуге мәжбүрлеп, жаңбыр астында тұрғызған, осының салдарынан тәртіпсіздік болған деп хабарланады.


ДАИШ* – Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз