АҚШ-та мемлекеттік ту төмен түсірілді

0
228
дереккөзден

АҚШ-та Флоридадағы қанды оқиғада қаза тапқандарды аза тұтып, тулар дүйсенбіге дейін төмен түсіріледі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатында орын алған қанды оқиғаға тараптас  жайттарды ендігі кезекте АҚШ мектептерінде болдырмауға уәде берді.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Трамп федералды билік органдарының штатқа көмек көрсетуге күш-жігерін үйлестіру үшін Парклендке (қанды оқиға болған қалашық -ред) баруға ниетті екенін мәлімдеді.

Трамптың бұйрығымен, дүйсенбі кешке дейін АҚШ ұлттық тулары мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, әскери кемелер мен базаларда төмен түсіріледі.

Еске салсақ, 14 ақпанда АҚШ-тың Флорида штатындағы Паркленд қалашығында 17 адам қаза тапты. Шамамен 50 адам жарақат алған. Жергілікті полиция таратқан ақпарға сәйкес, қанды атысты ұйымдастырған 19 жастағы Николас Круз. Күдікті өзі бұрын оқыған мектепке («тәртібіне» байланысты мектептен шығарылған) қарумен кіріп, жолында кезіккендердің бәріне оқ атқан.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз