Токиода дельфин аулауға қарсы наразылық шарасын өткізді

0
82

Токиода жүздеген адам наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі 24.kz сілтеме жасап.

Шерушілер дельфиндерді аулауды тоқтатуды талап етіп жатыр.

Акцияға қатысушылар дельфин аулаумен күресу үшін арнайы заң қабылдау керек деп санайды.  Жапонияда бұл кәсіп ежелден бар. Жыл сайын қазан мен сәуір айы аралығында елдің батысында дельфиндерді аулау маусымы болады.

Нидерланд, Гаага  табиғатты қорғаушылар шеру өткізді

Ал Нидерландта мыңдаған адам көшеге шығып, биліктен климаттың өзгеруімен күресуді талап етті. Шерушілер Гаага қаласындағы басты автомагистральды жабуға тырысты. Шараға қатысушылар үкіметтен пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын компанияларды субсидиялауды тоқтатуға шақырды. Шара соңы полициямен қақтығысқа ұласып, 1 мыңдай адам қамалды.

Арон Перейра, шеруші:

– Біздің үкімет пайдалы қазбаларды игерумен айналысатын компанияларға субсидия арқылы жыл сайын 30 миллиард еуро бөледі. Бірақ бұған ешқандай негіз жоқ. Сондықтан біз қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқан салаларды қолдауды тоқтатуға күш салуымыз қажет. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз