Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

0
108
дереккөзден

Норвегиялық депутаттар АҚШ президенті Дональд Трампты Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәмілесіне қол жеткізуде қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығына ұсынды.

Трампты аталған сыйлыққа Норвегиядағы даму Партиясының қос депутаты ұсынған. Дегенмен, Нобель сыйлығына өз кандидатураларын 2018 жылдың қаңтар айында ұсынғандар ғана ала алуы мүмкін. Трамп аталған сыйлықты 2019 жылы алуы ықтимал, деп хабарлайды Интерфакс норвегиялық телеарнаға сілтеме жасап.

Осы жылдың мамыр айында Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Трампты Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастама көтерді. Трамптың марапатқа ие болуына ниеттілер Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануы мен Корей соғысының тоқтауы Нобель сыйлығы үшін атаулы жетістік екендігін алға тартады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Нобель сыйлығын 2009 жылы алған еді. Марапат «халықаралық дипломатия мен адамдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы салынған атаулы күш» үшін берілді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз