Украинада президент сайлауы қашан өтетіні айтылды

0
59
Украина. Photo:ria.ru

Жоғарғы раданың депутаты Алексей Гончаренко келер жылдың наурыз айында Украинада президент сайлауы өтетіндігін хабарлады.

Әскери жағдай кезінде Украинада президенттік науқан өткізу мүмкіндігі туралы ресми ақпарат Украина басшысының кеңсесінен түскен жоқ. Соған қарамастан, украиналық депутат Алексей Гончаренко Зеленский сайлауды 2024 жылдың 31 наурызында ұйымдастыру туралы шешім қабылдады деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украина басшысының кеңсесі ұзаққа созылған соғыста жиналған “жоғары рейтингтерді пайдаланып қалғысы келеді, сондықтан сайлауды мейлінше тезірек өткізуді” көздеп отыр.

Журналистер, 2019 жылғы сайлауға дейін Зеленский тек бір мерзімге сайланамын деп уәде бергенін еске салды. Сонымен бірге, елде әскери жағдай енгізілген жағдайда Украина Конституциясы сайлау өткізуге тыйым салады.

Соған қарамастан, Владимир Зеленский сайлауды өткізбеу туралы өз ойын өзгертіп, екінші мерзімге үміткер болатынын айтқанын еске саламыз.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасында соғыс әлі де жалғасып жатыр. Екі ел тарапынан да дронмен, зымыранмен және жерүсті қақтығыстары жалғасуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз