Қырғызстанда Ту дауы: депутат «Нұр-Сұлтан – Астана» жағдайын мысалға келтірді

0
90

19 желтоқсанда Қырғызстан Жогорку Кенеш Конституциялық заңнама комитетінің отырысында, жергілікті депутат Мирлан Самыйкожо, тудағы өзгерісті Қазақстан астанасының жағдайымен салыстырды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, билік өзгергеннен кейін, бұрынғы ту ескі қалпына келтіріледі.

«Өздеріңіз білесіздер, көрші ел Астананың атауын Нұр–Cұлтан қаласына өзгертті. Бүгінгі таңда тағдырдың тәлкегімен Астана деп қайта өзгерді. Мен, президенттің саясатына қарсы емеспін, бірақ тудағы өзгеріске қарсымын. 20-30 жылдан кейін, билік өзгерген кезде, бұл ту ескі қалпына қайтарылады», – деді депутат Мирлан Самыйкожо.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhnews.kz (@kazakhnews.kz)

Айта кетейік, Жогорку Кенеш отырысында депутаттар ел туын өзгерту туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Заң жобасын 59 депутат қолдаса, тағы бесеуі оған қарсы дауыс берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз