Жергілікті Қытай компаниялары өз қызметкерлерінен Apple (және шетелдік брендтердің басқа да) гаджеттерін жұмысқа әкелмеуді талап етіп жатыр.

Бүгінге дейін Apple мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейге жетті.  Компания өндірісті белсенді дамытып, Қытай нарығының қажеттілігін өтеу үшін барын салды, ал Қытай билігі жұмыс орындары мен салық алып отырды. Қарапайым тұтынушылар ең заманауи Apple өнімдерін алуға тырысатын. Қазір бәрі керісінше.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл үрдіс 10 жыл бойы жүргізіліп келеді. Қытай мемлекеттік ұйымдарға талап қоя отырып, шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға ұмтылып жатыр. Кейінгі айда екі ірі үкімет органы қызметкерлерінен жергілікті гаджет брендтеріне ауысуы талап етілген құжат қабылдады.

Компаниялар iPhone және басқа да Apple өнімдеріне тыйым салатын ережелер мен нұсқаулықтарды өз бетінше шығарып жатыр.

Бір қызығы, бұл процесс жылдам жүргізіліп жатқан аймақтардың қатарында әлемдегі ең ірі iPhone шығаратын зауыт орналасқан Хэбэй провинциясы да бар.

“Әрине, Apple басшылығы бұл жағдайдан хабардар. Алайда ештеңе істей алмайды. Енді Қытай мен Apple компанияларының жолы теңіздегі кемелер сияқты алшақтайтыны анық”, – деп жазды басылым.

1 ПІКІР

  1. Бұл жағдайдың әлемдегі ең ірі айфон өндіретін провинцияда болып жатқаны қызық екен)))

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз