Жапонияның Japan Airlines (JAL) әуе компаниясының Airbus A350 жолаушылар ұшағы Токиодағы Ханеда әуежайына қонып жатқанда өртке оранды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Жергілікті БАҚ ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелері эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Жолаушылар ұшағы Жапонияның жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқан. Жағалау күзетінің ұшағы жер сілкінісінен зардап шеккен Исикава префектурасына көмек әкетіп бара жатқан. Бұл ұшақтың бортында алты адам болған. Жапонияның транспорт министрлігіні, бұл ұшақтағы бес адам қаза тапқанын, бір адам аман қалғанын мәлімдеді.

Жапонияның NKH телеарнасы аман қалған ұшқыштың жағдайы ауыр деп жазды.

Елдің жер, инфраструктура, транспорт және туризм министрлігі тергеу басталғанын хабарлады.

Japan Airlines ұшағы Хоккайдо аралынан Токиоға ұшып келген.

Жапонияда 5,6, 7 баллдық жер сілкінісі болып, Цунами қаупі жарияланды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз