Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бір мектептің барлық түлегі білім грантын жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Шоғы атындағы №5 орта мектепте мемлекеттік гранттар байқауына 70 оқушы қатысып, оның 69-ы (99%) білім грантын иеленген.
Сонымен қатар, лицей оқушыларының бірі шетелге оқуға, ал екіншісі үміткерлерге жоғары талаптар қойылатын, мемлекет есебінен білім беретін Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясына оқуға түсуге мүмкіндік алған.
Дегенмен, бұл Маңғыстаудағы білім деңгейінің жоғары екенін көрсеткен жалғыз аудандық мектеп емес. Осы аудандағы «Қызылтөбе» лицейінің ҰБТ-ға қатысқан 51 түлектің 91 пайызы мемлекеттік грант иегері атанған.