Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 4 медаль жеңді

0
145
Индонезияда халықаралық информатика олимпиадасына қатысқан қазақстандық оқушылар. Photo: Facebook/Askhat.aimagambetov

Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) қазақстандық оқушылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Олимпиадаға Қазақстаннан 4 оқушы қатысқан. 90-ға жуық елден 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста 4 оқушы да жүлделі орыннан көрінген.

Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мұхаммадариф Сахмолдин күміс, ал алматылық Ван Ли мен Таймас Қорғанбаев қола жүлдені иеленді.

“Оқушыларымызды жаңа жоғары нәтижелерімен және лайықты марапаттарымен құттықтаймын. Ата-аналарына қолдау көрсеткендері үшін, педагогтерге еңбектері мен кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтамын”, – деп жазды министр.

Қазақстандық оқушылардың 2022 жылы ең беделді халықаралық олимпиадаларда жеңіп алған медальдарының саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Қазақстан құрамасының қоржынында 27 медаль бар, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола.

Биыл алғаш рет халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы мен ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз