«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауы аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 57 педагог қатысты. Олар байқаудың аудандық және облыстық турларының жүлдегерлері, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақмола облысының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәмелі Өмірзақова жеңіп алды.
Бірінші орынды Абай облысынан физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Наубетов, екінші орынды Алматы қаласынан биология пәнінің мұғалімі Ұлдана Жақсылықова, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Кунашев алды.
“Байқаудың алғашқы кезеңәнде қатысушылар «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» тақырыбында эссе жазды. Олар өздерінің өмірлік, кәсіби және жеке ұстанымын, жетекші педагогикалық идеяларын ашып жазды. Байқауға қатысушылар үшін ең маңызды сәт танымайтын сыныпта сабақ өткізу болды. Байқаудың соңғы кезеңі «Шығармашылық жолдың басталуы» атты презентация.Байқауға қатысушылар өздері және мамандыққа деген көзқарасы туралы айтып берді”, – деді «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Сержан Алибаев
Алматы, Абай, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қостанай облысының педагогтері «Дарынды ұстаз», «Жігерлі ұстаз», «Шығармашыл ұстаз», «Табиғат білгірі» сияқты бірқатар номинацияларға ие болды.