Білім министрлігі: 2021 жылдан бастап қазақстандық ЖОО дипломы Еуропада жарамды болады

0
529

2021 жылдан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындарының дипломы Еуропа елдерінде жарамды болады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, түлектерге жаңартылған қосымша (Diploma Supplement) тіркелген диплом беріледі. Қосымшада Қазақстанда алған жоғары білімнің еуропалық біліктілік санатымен сәйкес екені көрсетілетін болады. Осылайша шетел азаматтарының Қазақстанда білім алуға деген қызығушылығын ояту көзделген.

Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін “Болон процесінің” хатшылығы қабылдаған.

Еске салайық, “Болон процесі” еңбек нарығында азаматтардың ұтқырлығын дамыту, еуропалық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары білімнің ұлттық жүйелерін үйлестіру үшін 1999 жылы 29 елдің білім министрлерінің бастамасымен құрылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз