27 қаңтарда білім және ғылым министрлігі Қазақстанда алғашқы онлайн-университеттер ашылатынын хабарлады.
“Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді”- деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Сондай-ақ министрлікте «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанында атап өтті. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар техникалық мамандықтарды игеруге тиіс екенін, оның ішінде шетелдік оқу орындарында білім алу мүмкіндігі туралы айтқан еді.