Гонконгтағы шиеленіскен саяси жағдайға байланысты “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқитын қазақстандық студенттер елге қайтарылып жатыр. Бұл туралы “Болашақ” халықаралық стипендиясының Facebook-тағы парағы хабарлады.
⠀
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі студенттерге Қазақстанға қайтып келуді, ал ел азаматтарына Қытайдың арнайы әкімшілік ауданына себепсіз ұшып бармауды ұсынып жатыр. Қазір Гонконгтың кейбір университеттерінде екінші семестрге дейін сабақ тоқтатылып, басқа университеттерде білім беру қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылған.
⠀
Ресми өкілдердің хабарлауынша, 18 студент елге оралған және 40 студентті жақын арада қайтару жоспарланыпты.
⠀
Қазіргі уақытта “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша Қытай халық республикасында 9 адам білім алып жатыр. Оның ішінде бакалавриат – 1, магистратура – 5, докторантура – 3. Ал Гонконгта 1 студент оқып жатыр.
⠀
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі студенттерге қауіпсіздік шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерден аулақ болуға кеңес берген. Ақпаратты БАҚ-та және Гонконгтағы Қазақстан Бас консулдығының ресми сайтынан бақылап отыруға болады.
Еске салайық, Гонконгтағы жаппай тәртіпсіздік осы жылдың шілде айынан бері жалғасып келеді.