“ХХІ ғасыр педагогтары” біліктілігін арттыруды бастады

2
257

2018 жылдың тамыз айынан бастап биология, химия, физика, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған “ХХІ ғасыр педагогы” атты біліктілікті арттыру курсы басталды. Педагогтарды жетілдіруді мақсат тұтқан курс ағылшын тілінің В2 деңгейі бойынша оқытылады.

«USTAZ» кәсіби оқыту орталығы мамандарының айтуынша,  «ХХІ ғасыр педагогы» бағдарламасының мақсаты мұғалімдерге ағылшын тілін В2 деңгейіне дейін жетілдіру және пәнді ағылшынша оқыту негіздерін үйрету.

Аталмыш бағдарлама еліміздің үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде Атырау, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Павлодар қалаларында өткізіледі.

Ал, жұмыстан демалыс алып жүргізілетін курстар 2 кезеңнен, 292 академиялық сағаттан және күн сайын қосымша 2 сағаттық практикумнан тұрады.

Бірінші және екінші кезең аптасына 5 рет, күніне 8 академиялық сағаттан өтеді. Бағалау әділ өту үшін тыңдаушылар әрбір кезең аяқталғанда емтихан тапсырады. Нәтижеде CEFR (Common Europen Framework of Reference) шкаласы бойынша халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

Курс соңында қатысушы пән мұғалімі жалпы еуропалық тілдік құзіреттілік шкаласына (CEFR) сәйкес ағылшын тілін B2 деңгейіне дейін жетілдіреді. Сонымен қатар, өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде меңгеріп, оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттыратын ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игереді. Сондай-ақ ағылшын тілін оқытуға арналған пәндік-тілдік (CLIL) әдістемесін пайдаланып, оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді.

2 ПІКІРЛЕР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз