Аштық зардабы даулы мәселеге айналған елдер

0
632

Азық-түлік тапшылығынан зардап шегетін халықтың басым көпшілігі Сахараның оңтүстік беткейінде орналасқан Африка тұрғындары. Аштық зардабын тартқандарға көмек көрсететін немістің “Deutsche Welthungerhilfe” ұйымының мәліметтеріне сай, ашаршылықтың азабын тартқан халықтың саны күрт өскен. Ол бүгінде 821 миллион адамға жетті. Бұл туралы “Deutsche Welthungerhilfe” ұйымы 11 қараша Берлинде мәлімдеген. 

Азық-түліктің тапшылығынан жапа шеккендердің дені балалар. Әлемде шамамен 151 миллион бала аштықтың салдарынан дамуы төмендеген. 51 миллион бала ашаршылықтан нақ ортасында.

Ашаршылықтың өзегі Орталық Африка Республикасы. Сарапшылар Орталық Африкадағы аштық мәселесін “ең ауыр” халде деп бағалайды. Тағы 51 мемлекетте азық-түлік тапшылығы мәселесі өршіп тұр. Бірқатар елдердің сарапшылары нақты деректердің қолжетімсіздігінен “аштық индексінің” жалпы санын есептей алмауда.  Ал, Бурунди, Конго, Эритрея, Ливия, Сомали, Оңтүстік Судан және Сирия халқын азық-түлікпен қамтамасыздандыру алаңдатарлық мәселеге айналуда. 

Германияның Федералды экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Герд Мюллер бұл көрсеткіштердің күрт өсуі соңғы үш жылда «даулы» мәселеге айналғанын айтуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз