NASA: James Webb телескобы ғарышқа ұшты

0
205
James Webb телескобы. Photo: The Guardian

АҚШ-тың NASA ұлттық ғарыш басқармасы James Webb телескобын ғарышқа жіберді. Телескопты Францияның Гвианадағы Куру полигонынан ұшырды.

Галактиканы инфрақызыл және оптика диапазонында зерттейтін аппарат галактикадағы өзгерістерді білуге мүмкіндік береді. Одан өзге James Webb алыстағы планеталардың атмосферасын зерттейді. Осы арқылы алыстағы планеталарда тіршілік бар ма, жоқ па деген ғалымдар зерттеуіне септеседі.

Photo: BBC

Телескоп төрт апта ішінде жерден бір жарым миллион шақырым қашықтағы Лагранжаның екінші нүктесіне қарай жылжиды. Одан кейін бірнеше ай приборларды орналастыру сатысынан өтеді, шамамен бір жарым жылдан соң алғашқы суреттерді жібере бастайды.

30 жыл бойына жасалған апппаратқа НАСА 10 миллиард доллар жұмсаған. Бұл алғашқы есептен 20 есе көп. Телескоп Project Apollo ай бағдарламасы жетекшісінің кұрметіне аталған. James Webb өзіне дейінгі Hubble телескобын алмастырады. Жаңа аппаратты 2007 жылы ұшырмақ болғанымен бірнеше рет кейінге қалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз