Антикор: Кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

0
215
Photo: pixabay

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнамалық тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтап, айыппұл салды. Бұл туралы Антикор баспасөзі хабарлады.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұза отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Оның атына тіркелген “ЖК Теміртау” мәдениет сарайына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жауыртаудағы кездесу» фестивалін өткізу бойынша 3,9 миллион теңге сомасына қызмет көрсеткен.

Осыған ұқсас факт Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманына қатысты анықталған. Ол мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізумен айналысқан.

“Аталған тұлғалар Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге көлемінде айыппұл салынды”- делінген хабарламада.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық туралы 109 іс қозғап, 31,2 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Әкімшілік жауапкершілікке 100 жеке және 2 заңды тұлға тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз