Трамп Қытаймен арадағы сауда қақтығысына нүкте қоймақ

0
103

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен Флоридада кездесіп екі ел арасында сауда келісімдерін жасауға ниетті екенін хабарлады.

Дональд Трамп твиттер әлеуметтік желідегі парақшасында “Келіссөздер барысында екі жақтың да алға жылжитынын ескере отырып екі елдің сауда келісімдерін жасау үшін президент Си мен менің арамызда саммит ұйымдастыратын боламыз”, деп жазды.

Алайда Америка президенті кездесудің нақты уақытын атамады.

Бұған дейін Ақ үй басшысы «Менің ойымша, біз Қытаймен сауда келісіміне қол жеткізе аламыз. Қытай да келіссөз жүргізуді қалайды», деген үмітін жеткізген болатын.


АҚШ пен Қытай сауда келіссөзіне берілген шектеулі мерзім аяқталуға жақын қалды. Аргентинада АҚШ пен Қытай басшысы арасындағы кездесуде сауда келісіміне 90 күн уақыт беруге келіскен болатын. 1 наурызға дейін келісімге келе алмаса, Құрама Штат бастап бір-бірінің тауарларына тарифтерді көтермек.

Нақтырақ айтқанда егер Қытай тарабы меншік құқығын қорғауға, технологияны өткеріп беруге мәжбүрлеуді тоқтатуға, сауда теңдігін ұстануға келісім бермесе 2 наурыздан бастап 200 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қытайлық тауарларға кедендік салықты өсірмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз