Алматыда фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт салынады

0
174

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға мемлекеттік сапары аясында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің түрік әріптесі Фахреттин Коджамен кездесу өткізіп, Алматыда Түркияның қатысуымен фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт салынуына байланысты келісімге қол қойды. Бұл туралы ortcom.kz сайты хабарлады.

Министр сондай-ақ ЖОО мен медициналық ұйымдар базасында елдердің медициналық мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру бөлігіндегі Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығын және Қазақстанның бизнес жүргізу үшін тиімді инвестициялық хаб ретіндегі әлеуетін атап өтті.

“Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты біз түрік компанияларының тәжірибесін денсаулық сақтау секторында белсенді пайдаланатынымызды атап өту қажет. Біздің ынтымақтастығымыздың тамаша мысалы – Алматыда фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт салу бойынша денсаулық сақтау саласындағы екі бірлескен келісімге қол қою”, – деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз