Алматыда тағы 19 медқызметкер вирус жұқтырды

0
87
Photo: rbc.ru

17 сәуірде Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тағы 19 медицина қызметкерінен коронавирус табылғанын хабарлады. Қалада коронавирус жұққан медицина қызметкерлері 234 адамға жетті. 

“10-ы – орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкері, екеуі – стационардың жедел респираторлық вирус инфекциясы белгілері байқалған екі қызметкері, біреуі жедел медициналық көмек қызметінде істейді, N7 қалалық клиникалық аурухананың екі қызметкері, N12 поликлиниканың екі қызметкері, көпсалалы клиникалық аурухананың екі қызметкері бар” делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін 200-ге жуық қызметкерінен коронавирус табылған Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасының басшысы қызметінен кеткен болатын. Аурухана карантинге жабылған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, орталық клиникалық ауруханасында емделген 215 адамнан тест алынып, 18 адамнан вирус табылған. 17 сәуірде олардың саны 20-ға жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз