Алматылықтар 24 қаңтардан бастап Спутник Лайт вакцинасын салдыра алады

0
216
фото: gov.kz / Спутник лайт

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді. «Спутник Лайт» вакцинасы қайта вакцинациялауға арналған.

Вакцина 24 қаңтардан бастап Алматы қаласының барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады.

“Ревакцинациялау вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. Спутник Лайт – бұл векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны минус 18 градустан сақтау режимде сақталады”- делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз