Ғалымдар жүгірудің психикаға пайдасы барын айтты

0
278
фото: Pixabay

Жапондық ғалымдардың айтуынша күніне небәрі 10 минут жүгіру ми қыртысын қатты ынталандыру арқылы адамның психикалық денсаулығын жақсарта алады. Бұл туралы Прайм сайты хабарлады.

Бұдан бөлек жаттығу велосипедімен салыстырғанда далада жүгіргенде бүкіл дененің бұлшық еттері жұмыс істейді. Осылайша психикалық денсаулықты жақсарта алады.

Сонымен қатар мамандар 10 минуттық жүгіру ақыл-ой белсенділігінің деңгейі едәуір артуына әкелетінін айтады. Мұны зерттеуге қатыстқан еріктілердің субъективті сезімдері ғана емес, мидың әртүрлі аймақтарының белсенділігі де растаған. Ғалымдар велосипед қолданумен салыстырғанда жүгіру көңіл-күйді реттеуге және ақыл-ой белсенділігін сақтауға қатысатын алдыңғы қатарлы жерлерде ми қыртысын күшейтеді деген қорытындыға келген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз