Қарағандыда 1 бала уланып қайтыс болды, 6 бала реанимацияда

0
103
фото: vesti.ru

30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылған.

Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір бала қайтыс болған. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

Қарағандыда оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұдан кейін, қылмыстық іс қозғалды және іс Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілген.

Осы оқиғалардан кейін мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз