Ashyq-та “жасыл” мәртебе қанша уақыт сақталады?

0
277
photo:almaty.tv / жасыл статус

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жақында қол қойған жаңа қаулыда Ashyq-тағы “жасыл” статус қанша уақыт сақталатыны туралы айтылған.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін  Ashyq-та “жасыл” статус 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткен соң, екінші дозаны алмаған жағдайда “жасыл” статус “көкке” ауыстырылады.

Вакцинаның екі дозасын алған адамдарда “жасыл” статус бір жылға дейін сақталады.

Коронавируспен ауырған адамдарда “жасыл” мәртебе емделіп шыққаннан кейін соңғы үш ай бойы сақталады.

Ал ПЦР тест нәтижесі теріс шыққан жағдайда 7 күн бойы “жасыл” статус сақталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз