Қазақстан қытайлық вакцинаның тағы 3 млн дозасын сатып алды

0
83

9 қыркүйекте Қазақстанға қытайлық Sinopharm компаниясы жасаған ковидке қарсы Vero Cell екпесінің 3 млн дозасы жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін қытайлық вакцинаның алғашқы 1 млн дозасы тамыз айының басында елге жеткізілген.

Оқи отырыңыз: Sinopharm Қытай вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді

Министрлік мәліметінше, екпенің екінші партиясы қазақстандықтарды жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Жалпы Қытаймен жасаған келіссөз нәтижесінде 4 миллион доза екпе елге жеткізілді.

Sinopharm (Vero Cell) Қазақстанда тіркелген бесінші вакцина. Ковидке қарсы препаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жылдың көктемінде мақұлдаған және бұл препарат әлемнің 45 елінде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі – 24 ай.

Sinopharm вакцинасының ерекшелігі мұздатқышты қажет етпейді. +2 – +8 градус температурада сақталады.

Вакцина алдағы күндері елдегі барлық вакцинация пунктеріне таратылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз