Қазақстанда тағы 44 адамнан коронавирус табылды

0
35

Қазақстанда тағы 44 адамнан коронавирус табылды. Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Алматы қаласында – 20, Алматы облысында – 3, Қарағанды облысында – 1, Ақтөбе облысында – 9, Жамбыл облысында – 9, Қызылорда облысында 1 адамға вирус жұққан. Бұл туралы 23 сәуір кешкі сағат 17.50-де денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2251 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 756
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 423
  • Қызылорда облысы – 159
  • Қарағанды облысы – 103
  • Ақмола облысы – 83
  • Атырау облысы – 82
  • Түркістан облысы – 77
  • Жамбыл облысы – 88
  • Шымкент қаласы – 133
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 65
  • Батыс Қазақстан облысы – 86
  • Ақтөбе облысы – 43
  • Маңғыстау облысы – 19
  • Павлодар облысы – 50
  • Шығыс Қазақстан облысы –15
  • Қостанай облысы – 36

536 адам COVID-19 ауруынан айықты. 20 адам қайтыс болды. 23 сәуірде күндіз министрлік Алматыда коронавирустан алтыншы науқастың көз жұмғанын хабарлаған еді. 1964 жылы туған әйел адамда бірнеше созылмалы ауру болған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин енгізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз