Дәрігер: “Омикрон” балаларда да ауыр өтіп жатыр

0
181

Қазақстанда ересектерге де, балаларға да бірдей әсер ететін жаңа «омикрон» штамының пайда болуына байланысты коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, дәрігер-инфекционист Динагүл Баешева инфекцияның қаупі және оның таралуының алдын алу жолдары туралы айтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Динагүл Баешеваның айтуынша қазір респираторлық вирустық аурулар деңгейінің көтерілуі кезеңінде тұмаумен қатар коронавирустық инфекция ерекше алаңдаушылық тудыруда.

“Бұл проблема әлі де өзекті болып саналады, өйткені елімізде аса жұқпалы «омикрон» штамы пайда болды. Оның берілу жылдамдығы «дельта» штамынан бірнеше есе жоғары. Кез келген жастағы адамға, оның ішінде балаларға да оңай тиіп жатқан жоқ. Шетелдік дәрігерлердің мәліметінше, «омикрон» балаларда да ауыр өтіп жатыр, оны біз де өз көзімізбен көріп отырмыз”, – дейді дәрігер.

Оның айтуынша аурудың экспоненциалды түрде өсіп кетпеуі және күніне мың немесе одан да көп адам ауырмауы маңызды. Бұдан бөлек дәрігер коронавирустың қандай штамы болмасын қосымша ауруы бар науқастарда, сол сияқты онкологиялық аурулармен, иммун тапшылығы жағдайларымен және өзге де ілеспе аурулармен ауыратын науқастарда ерекше ауыр өтетінін айтты.

“Өкінішке қарай, біз кішкентай баласы бар ата-аналардың сауда орталықтарында алаңсыз серуендеп жүргенін жиі көреміз. Қазіргідей жағдайда мұндай орындарда демалу орынсыз. Егер балаңыздың денсаулығын ойласаңыз барынша түсіністікпен қарап, оқшауланған орындарда демалғаныңыз жөн”, – деді инфекционист.

Ол ата-аналарды балаларының респираторлы ауру белгілері бар туыстарымен, жақындарымен, таныстарымен қарым-қатынаста болмау керектігін айрықша атап өтті.

“Балалар бұл ауруды оңай өткерсе де вирустың кейінгі салдары қандай боларын білмейміз. Коронавирусқа қарсы вакцинация бүгінгі таңда ең тиімді алдын алу шараларының бірі болып саналады”, – деп қорытындылады Динагүл Баешева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз