ДСМ: Pfizer екпесін ревакцинация ретінде 60 жастан асқандар ғана салдыра алады

0
207
Нұр-Сұлтандағы екпе алу пункті.

Қазақстанда Pfizer екпесін ревакцинация ретінде тек 60 жастан асқан адамдар салдыра алады. Бұл жөнінде сәрсенбі күні үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

“Елде”Омикрон” штамының  анықталуына байланысты қосымша шаралар қабылданып жатыр. Азаматтардың екпе алуы мен ревакцинацияны арттыру қажет. Халықтың осал тобын қорғау үшін ревакцинациялауға арналған вакциналар саны көбейтілді. Тек балалар мен жүкті әйелдер емес 60 жастан асқандар да басқа вакциналармен бірге ревакцинация кезінде Pfizer екпесін салғыза алады”, – деді министр.

ДСМ мәліметінше, елде кейінгі аптада вакцинация қарқыны айтарлықтай азайған.

Еске салайық, Қазақстан билігі 12 жастан асқан балаларға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге салу үшін Pfizer екпесінің 4 млн дозасын сатып алған. Экс-министр Алексей Цой Pfizer екпесін алуды және ревакцинация жасатуды қалайтын азаматтар үшін вакцина ақылы салынатынын айтқан. Бұл екпенің нақты қай уақыттан бастап ақылы салынатыны әзірге белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз