Әлемде қандай ауруға қарсы вакцина көп егіледі?

0
51

ДДСҰ деректері бойынша, 2021 жылы әлемде балалар (балалардың 84%-ы) ең көп туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын алған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ranking–ке сілтеме жасап.

90-шы жылдардан бастап балалардың көпшілігі туберкулезге қарсы екпе алған. Мысалы, 1980 жылы екпе алғандардың үлесі бар болғаны 15% болса, 1990 жылы 81% болған.

Осылайша балалар арасында әлемдегі ең көп вакцина, туберкулезге қарсы егілетіні белгілі болды.

Бұдан бөлек 2021 жылы балалардың 81%-ы дифтерия, сіреспе және көкжөтелге қарсы, сондай-ақ қызылшаға қарсы вакцина алған.

Бүгінгі күні әлемде қызылшаға (92%–94%), желшешек пен паротитке (90%–92%), қызамыққа (83%–86%), полиомиелитке (80%–86%), көкжөтелге (82%), шешекке (71%–83%), COVID-19-ке (65%) және дифтерияға (62%) қарсы ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі қалыптасқан.

АИТВ/ЖИТС (50%–80%), ЖРВИ (50%–75%), суық тию (50%–67%) сияқты ауруларға ұжымдық иммунитет орташа деңгейде. Эболаға (бар болғаны 44%) және тұмауға (бар болғаны 23%) қарсы ұжымдық иммунитет төмен көрсеткіш көрсеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз