Министр Цой тұмауға қарсы вакцина алды

0
165

Бүгін, 15 қыркүйекте Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинация басталды. Алғашқы вакцина алғандардың бірі денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Бүгін Алексей Цой тұмауға қарсы вакцина алды. Министр Ресей Федерациясының «ГРИППОЛ+» препаратымен егілді. Биыл Қазақстан бюджетінің қаражатына Ресей өндірген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,5 миллион дозасын сатып алынды”,- делінген министрлік хабарламасында.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары егіледі. Олар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары, сәбилер үйлерінің балалары.
Бұдан басқа, вакцинация жұмыс берушілердің қаражаты және азаматтардың жеке қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Тұмауға қарсы ақылы егу жеке вакцинация орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Бюджет қаражатына сатып алынған «ГРИППОЛ +» вакцинасынан басқа, Қазақстанда 3 өндірушіден тұмауға қарсы тағы 4 вакцина тіркелген. Олар Санофи-Пастер (Франция), Инфлювак (Нидерланды) өндірген «Ваксигрип Тетра» вакцинасы және Синовак Биотек (Қытай) өндірген тұмауға қарсы вакцина.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз