Румын дәрігер дабыл қақты

0
43
Dr. Tudor Ciuhodaru, photo: Facebook.com/TudorCiuhodaru

Румын дәрігері өзінің фэйсбук парақшасында ата-аналарға, жасөспірімдер жиі пайдаланатын «еліткіш газ» туралы ақпарат берді.

Оның айтуынша еліткіш газды 16-24 жас аралығындағы жасөспірімдер жиі пайдаланады. Еліткіш газ, адамды мас қылып, жиі күлдіреді.

Бұл, Ұлыбританияда каннабистан кейінгі жиі пайдаланылатын есірткі типтес газ. Оны артық мөлшерде қолданудың соңы өлімге әкелуі мүмкін. Оны жиі қолдану тәуелділікті тудырады. Сондықтанда медицинада мұны науқасқа бір рет пайдаланғаннан кейін араға 15 күн салмай екінші рет қолданбайды.

Еліткіш газды пациентке арнайы маска арқылы оттегі мен азот оксидінің қоспасын жұтқызып, пациентті босаңсытып, стоматологиялық манипуляциялар немесе тағы да басқа медициналық жағдайда қолданады.

Оны жиі пайдаланушыларда бас айналу, сөйлеу және тепе-теңдіктің бұзылуы, сандырақ, галлюцинация, ұйқышылдық, кома, мүмкін жүрек айнуы, құсу секілді жағдайлар кездеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз