Қытай дәрігерлері қазақстандық науқастарды емдеуге көмектеседі

0
81
Қазақстанға коронавирусты емдеуге көмектесуге келген Қытай дәрігерлері. 10 сәуір, 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы.

Қазақстанға келген қытайлық он дәрігер Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда коронавирус жұққан науқастарды емдеуге көмектеседі. Олар үш қаланың әрқайсысында бес күннен болады. 10 сәуірде орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында осындай мәлімет айтылды.

Брифингте қытай дәрігерлерінің айтуынша, Қытайда эпидемия кезінде 3300-ден астам дәрігерге (вирус жұқтырғандардың шамамен 4 пайызы) коронавирус жұққан. Олардың 90 пайызына эпидемия ошағы Ухань қаласында вирус жұққан. Дәрігерлердің басым бөлігі эпидемия басталған шақта ауырған.

Олардың пікірінше, медицина қызметкерлерін оқыту, профилактиканы күшейту және түрлі материалдық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы дәрігерлер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Дәрігер Лу Сяобоның айтуынша, коронавирус неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым жақсы.

“Қазір тестің екі түрі бар: ПЦР және IGG, IGM. Ауруды емдеу жолына келсек, төрт нәрсеге мән керек: науқастың қандай аурулармен ауырғанын зерттеу, жалпы денсаулық жағдайын қадағалау, дене қызуы көтерілген-көтерілмегенін бақылау, қанын тексеру” деді дәрігер.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 120 медицина қызметкеріне коронавирус жұққан: 67 дәрігерге науқастардан вирус жұққан. Қалған дәрігерлердің туыстары мен таныстарынан вирус анықталған.

Қазақстанда барлығы 802 науқас бар. 63 адам жазылған. 9 адам қайтыс болған.

Ақпараттарды телеграм каналдан мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз