Қызылшадан қалай сақтанамыз

0
230
Photo: BBC

Адамдар арасындағы өте жұқпалы вирустық аурудың бірі – қызылша. Бұл аурудан сақтанудың жолымен ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі бөліскен, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

⚡️

Ауру ауа арқылы таралады

Вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілекей арқылы жұғады.

Ал, негізгі белгілері – дене қызуының 38-40°С-қа дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, түшкіру, бастың ауырсынуы.

Сондай-ақ, қабақтың ісінуі және конъюктиваның қызаруы, жұтқыншақтың ісінуі, денеде бөртпелердің шығуы аурудың пайда бола бастағанының көрінісі.

Бұл дертпен әрбір екпе алмаған адам ауырады. Ал қызылшаға қарсы арнайы ем жоқ. Сондықтан, оның алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – алдын-ала екпе алу!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз