Бір жылда Қазақстаннан шетелге триллион теңге жіберілген

0
140
Сурет: time.kz

Бір жылдың ішінде Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйелері арқылы триллион теңгеден астам ақша жөнелтілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қаражаттың төрттен үш бөлігі ресейлік «Золотая Корона» жүйесі арқылы жіберілген.

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда шетелге ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы жіберілген қаражат көлемі 1 трлн теңгеден асқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға көп.

Айта кетерлігі, Қазақстаннан шетелге аударылатын аударымдардың жылдық көлемі екінші жыл қатарынан 1 трлн теңгеден асып отыр.

Алайда транзакциялар саны 2,6 млн-нан 2,5 млн-ға дейін азайған. Яғни, шетелге бір аударым бойынша орташа 391,5 мың (2021 жыл) теңгеден 415,3 мың (2022 жыл) теңгеге дейін арттырған.

Қазақстаннан аударылған барлық аударымдардың жартысынан көбі Өзбекстан мен Түркияға жіберілген.

Өзбекстанға 289,8 млрд теңге, Түркияға 271,9 млрд теңге жөнелтілген. Одан бөлек Ресейге де қомақты қаржы жіберілген: 196 млрд теңге.

ҚР-дан жөнелтілген ақша көлемі бойынша алғашқы 5 елдің қатарына Қырғызстан (73,9 млрд теңге) және Грузия (70,9 млрд теңге) кірді.

Ал былтырғымен салыстырғанда Қырғызстанға аударым көлемі екі есеге жуық азайса, Грузияға керісінше 2,2 есе өскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз