Қазақстанда алғаш рет биатлоннан Әлем чемпионаты өтеді

0
96
фото: olympic.kz

Биыл 4-12 наурызда Қазақстанда алғаш рет жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында биатлоннан Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Жарыста 41 мемлекеттің спортшылары күш сынасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді.

“Әлем чемпионаты Ақмола облысының Бурабай қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы биатлон стадионында өтеді. Бурабай өңіріне әлемнен шамамен 800 жуық қонақ келеді, оның ішінде 500-ге жуығы спортшы. Еліміздің жеткіншектер мен жасөспірімдер ұлттық құрама командасы ақпан айында өтетін ҚР кубогінің қорытындысы бойынша жасақталады”, – деді комитет төрағасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз