Маңғыстаулық фермерлер малға жемді төмен бағамен алады

0
145
фото: mezgil.kz

Маңғыстау облысының фермерлері маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемді арзандатылған бағамен алады, деп хабарлайды kazaknews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Маңғыстауға Солтүстік Қазақстан облысының астық өңдеушілері жемнің бір келісін 65 теңгеден жеткізеді, ал нарықтағы бағасы келісіне 100 теңгеден сатылып жатыр.

Өңірге жеткізуді ескере отырып, кебектің бағасы келісіне 75 теңгені құрайтын болады.

Айта кетейік, климаттың ерекшеліктеріне байланысты Маңғыстау өңірінде жыл сайын жемшөптің шамамен 10% жиналады, ал қалғаны басқа өңірлерден жеткізіледі. Қазіргі қысқы кезеңге қажеттілігі 78 мың тонна шөп пен 23,8 мың тонна жем болған кезде жоспардың 98,5% және 101,8% дайындалған.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астық өңдеушілер одағы, облыстық әкімдік, «Каспий» ӘКК-нің жем-шөп жөніндегі операторлар тобымен келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз