Ақышев валюта айырбастамауға кеңес берді

0
76
дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады.

Сенаттың жалпы отырысында төраға 2015 жылдан бері елде айырбас бағамының еркін режимі қалыптасқанын алға тартып, демек Ұлттық банк валюта саудасына араласпайтынын, ал валюта бағамы сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасатынын атап өтті, деп жазады Tengrinews.kz.

«Қазір болып жатқанның барлығы тұрақсыз дамып жатқан нарықта орын алатын ахуал деп білеміз. Яғни әлемде дамып келе жатқан валюталар долларға қарсы құлдырайды», – деді Ақышев.

Бұдан өзге мұндай ахуал Қазақстанды да айналып өтпейтіндігін алға тартқан Ұлттық банк төрағасы Қазақстан ашық экономикалы, әлемдік үрдістер мен жаһандық қаржы нарығына интеграцияланған мемлекет болғандықтан, бұл жайттардың Қазақстанда да орын алатынын атап өтті.

«Барлық ірі дамушы мемлекеттер атап айтқанда, Ресей, Түркия, Аргентина өз валюталарын ақырындап девальвациялайды. Құлдырауға теңге де әсер берді, дегенмен, теңгенің құбылмалық деңгейі әлдеқайда төмен екенін байқаймыз», – деген Ақышев бұның себебін теңгенің бағамына макроэкономикалық және негіздік факторлардың әсер етуі, интеграцияның енді басталып жатқандығымен түсіндірді.

Ақышевтың сөзінше, маусымда Қазақстанда шетел валютасына сұраныс жиілейді.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға әзірге валюта айырбастамауға кеңес берді. «Шетел валютасына қажеттілік туындамаған азаматтарға валюта нарығында әрекет жасамауға кеңес берер едім. Себебі, өткен жылы жаз мезгілінде де осындай жағдай орын алған, теңге бағамы доларына 340 теңге көлеміне дейін құлдыраған, кейіннен долларына 320 теңгеге мығымдалды», – деді Ақышев.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз