Бүгін Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының қолдауымен «Әйелдер
кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты конференция өтті.
“Хилтон” қонақүйінде өткен конференцияда соңғы жылдары еліміздің шағын және орта кәсібінде әйелдер үлесінің бірнеше есеге артқаны белгілі болды. Елдегі барлық жұмыс орындарының 30%-дан астамын әйелдер басқарады. Ал жалпы ішкі өнімде әйелдердің үлесі шамамен 40%-ға жетті.
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы өз кәсібін бастаған қыз-келіншектерге қолдау көрсету мақсатында «Жас қанаттар» атты ұйымын құрды. Бұл ұйымға 18-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер мен кәсібін жүргізгеніне 6-24 ай жарты (жыл – 2 жыл) болған әйелдер тіркеле алады. Қауымдастық болса, жас кәсіпкер әйелдер арасында «мониторинг» жүргізеді: өз кәсібінде жоғары жетістікке жеткен бизнес ханымдардың тәжірибелері негізінде әдістемелік әрі тәжірибелік көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, аталмыш бизнес конференцияда «Әйелдердің кәсіпкерлігін заманға сай жетілдіру және процес барысында қолданылатын жаңа технологиялар» атты өзекті
тақырыптар да қарастырылды.
«Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам табысты бизнес ханымдармен қатар халықаралық әйелдер қауымдастығының көшбасшылары қатысты . Конференцияға қатысушылар арасында Еуропа мен Америка құрлығы, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы және ТМД елдерінен келген қаржы мамандары да болды.