Ұлттық банк қаржы-несие саясатына қатысты сынға жауап берді

0
72

Ұлттық банк басқармасының төрағасы Данияр Ақышев баспасөз беттерінде жарияланған бас регулятордың қаржы-несие саясатына қатысты сынға жауап берді.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Данияр Ақышев аталған бағытта Ұлттық банкінің қатал саясат ұстанатыны жайлы сыни пікірмен келіспейтінін мәлімдеді.

«Қатал қаржы-несие саясаты ұстанады дегенге келсек, мұндай анықтаманы кім бергенін білмеймін, бірақ Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені үнемі түсіріп келе жатқанына қарау жеткілікті: бір жарым жылда біз оны 17 %-дан 10,25 %-ға төмендеттік. Кез келген экономистен сұраңыз: бұл қатал қаржы-несие саясаты ма, жоқ па? Сонымен қатар, Ұлттық Банк мөлшерлемелерді екі есеге дерлік қысқартты. Сол себепті мұнда жекелеген кісілер тарапынан бұрыс терминология пайдаланылған және барлығы бұлжымас ақиқаттай қабылдайды деп есептеймін», — дейді Данияр Акишев.

Басқарма төрағасы регулятордың қаржы-несие саясатын әлсіреткенін атап өтті.

«Мөлшерлемелерді көтергенімізде Ұлттық банк қатайтып жатыр деп айтуға болар еді. Қазақстандағы қол жетімді инфляция фоны мен төменгі мөлшерлемелер жағдайында нақты экономикаға қаржы аударылғанын көріп отырған жоқпыз десек – бір басқа. Бірақ мұнда проблема мөлшерлемелерде емес, экономиканың нақты секторындағы несиелік тәуекелде», — деп түсіндіреді Ақышев.

Сондай-ақ, Ақышев базалық пайыздық мөлшерлеме туралы қандай болжам жасалынатыны жайлы сұраққа да жауап берді. Төрағаның айтуынша, алыс-жақын көрші елдерде де, дамыған шет елдерде де ешбір орталық банк мөлшерлеме туралы мұндай болжам жасамайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз