Жасыл климат қоры Қазақстанға 110$ млн. қаржы бөлді

0
66

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) негіздемелік бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру үшін $110 млн. көлемінде Қазақстан үшін қаржыландыруды мақұлдады деп хабарлайды ҚР Энерегетика Министрлігінің баспасөз қызметі.

GCF-тің бұл үлесі жеңілдікпен қаржыландыруды 106 млн. АҚШ долларын және 4 млн. АҚШ долларын техникалық көмек үшін грант түрінде қамтиды.

Жобалар Қазақстанның Үкіметіне «жасыл экономика» көшуге көмек көрсетуге, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін интеграцияны арттыру мақсатында күн, жел дамытуға, шағын су және биогаз, сондай-ақ электр желілерін жаңғырту және нығайтуға бағытталады.

Осы жобалар бойынша атқарушы агенттік болып бүгінгі күні Қазақстанға 7,3 млрд инвестициялағанЕуропалық қайта құру және даму банкі болады,оның ішінде тұрақты энергетикаға 1,7 млрд еуро. инвестиция салды.

Жасыл климат қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкімен белсенді бірлескен жұмыс Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін инвестиция және климаттың өзгеруімен күреске бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды арттыру күтілуде.

Атап өтерлігі, Жасыл климат қоры дамушы елдерде парниктік газдар шығарындыларын шектеу және қысқарту, сондай-ақ климаттың өзгеруі әсеріне бейімделуге көмек көрсету үшін 124 ел үкіметтерінің бастамасымен құрылған.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз