Brave Engineering компаниясы экологиялық мәселелердің шешу жолдарын табумен айналысады. Солардың бірі ретінде бидай алқабындағы “құрғақшылықтан” құтылу мақсатында дрон арқылы қар жауғызды. Бұл туралы жоба жетекшілерінің бірі Алмас Жали өз инстаграм парақшасында бөлісті.
Алмас Жалидің бөліскен видеосынан Алматы қаласында бірнеше күн тұрған тұманды сейілткенін көруге болады. Одан кейін Қостанай облысындағы құрғақшылықтан арылу мақсатында дронды және шағын ұшақты пайдалану арқылы қолдан қар жауғызады.
Әлемдегі Дүниежүзілік метрологиялық қауымдастық (WMA) және ауа-райына белсенді әсер ету бағдарламасы (WMO) бұл технологияны ауа-райы өзгерісіне қолдануды қауіпсіз деп таныған.
Осы технология арқылы агроөнеркәсіп қызметіндегі құрғақшылықты жоюға, тауларға қар жауғызу арқылы туризмді дамытуға, мейрам күндері ауа-райын қалыпты жағдайда бақылауға, әуежайлардағы қалың тұмандарды сейілтіп ұшақтардың уақытылы ұшып және қонуына үлкен көмегі тиеді.