Өткен тәулікте 699 адам коронавирус жұқтырып, 642 адам жазылып шықты

0
142

21 ақпанда Қазақстанда 699 адамнан коронавирус табылды. 13 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 5 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 22 ақпан таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы(101) қаласында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 208 117 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 48 887 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 605 адам қайтыс болған. 40 101 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 21 285 адам ( оның ішінде 7606 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 242 адамның жағдайы ауыр, 53 науқастың жағдайы өте ауыр. 43 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз